Головкинді Тайсонға теңеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкинді Тайсонға теңеді

03.02.2014
Головкинді Тайсонға теңеді

АҚШ-тың беделді ESPN телеарнасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді аңызға айналған америкалық Майк Тайсонға теңеді. Осуману Адаманы жеңгеннен кейін, телеарна Головкин 1980 жылы ауыр салмақта қарсыластарын жолынан ығыстырған боксшы Майк Тайсонның деңгейіне жетті деп баға берді.
 
 Қазақстандық боксшының спарринг-қарсыласы Ламар Русс оны «орта салмақтағы Майк Тайсон» деп атаған болатын. Көптеген қарсыластары да боксшының соққылары жойқын екенін мәлімдеді.
 
 Ақпанның 1-нен 2-не қараған түні Монакода Геннадий Головкин кәсіпқой рингтегі 29-шы жеңісін тойлады. Ол ганалық Осуману Адаманы техникалық нокаутқа жіберді. Жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшы орта салмақтағы әлемнің үздік боксшысы – Серхио Мартинеспен жұдырықтасуды қалайтынын айтты.
 
 GGG келесі жекпе-жегін 26 сәуірде Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Оның қарсыласы Дэниэл Гил, Энди Ли немесе Джеймс Киркланд болуы мүмкін.

Хабарламаларға жазылу