ҚХА XXXII сессиясы аясында елордада киіз үй тігу шарасы өтіп жатыр
Бір шаңырақ астында. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы асында елордада осындай тақырыпта киіз үй тігу шарасы өтіп жатыр. Қазір бізбен әріптесім Дарын Сағитов тікелей байланыста. Дарын, ынтымақ пен бірлікті ту еткен акция қалай өтіп жатыр?
Дарын Сағитов, тілші:
Сессия жұмысынан кейін 20-дан астам этнос өкілдері бірліктің нышанын көрсетіп, киіз үй тікті. Барлығы ұйымшылдықпен шаңыраққа уық қадап, татулыққа тамыр болған ынтымақ символын көрсетті. Жұмыла туырлық, бас арқан, басар, басқұрларын тартты. Шаңыраққа желбау байлап, киіз үй ішіне текемет төседі. Іс-шара Қазақстан халқының бірлігін, үйлесімді этносаралық қатынастарына құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Киіз үй – сахара мәдениетінің, сәулет өнерінің биік шыңы, көшпенділердің баспанасы. Қазақ халқы шаңырақ деген сөзге көптеген ұғымдарды сыйдырған. Ертеде қазақтар бір ауылдың, әулеттің, рудың, жан санын шаңырақ арқылы анықтаған. Елімізде қазір 100-ден астам этнос өкілі ынтымақта өмір сүріп жатыр. Олар осы шара арқылы қазақстандықтардың бірлескен еңбегін, әр азаматтың ел дамуына қосқан үлесі мен достыққа құштарлығын да көрсетуді меңзеп отыр.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурыз - жаңару мен жаңғырудың бастауы
23.03.2026, 21:36
Қазақстанда бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы басталды
23.03.2026, 13:47
Наурыз: Ұлттық құндылықтар қалай дәріптеліп жатыр?
22.03.2026, 20:34
Каспий теңізінің тартылуы ел экономикасына қалай әсер етеді?
22.03.2026, 20:10
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Сарапшылардың пікірі қандай?
22.03.2026, 20:10
Жаңа Ата заң: Қандай заңдарға өзгеріс енгізіледі?
22.03.2026, 20:05
Президент: Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды қолға алған жөн
22.03.2026, 20:04
Наурыз мейрамы: Мемлекет басшысы Түркістанға жұмыс сапарымен барды
22.03.2026, 20:02