Қостанай облысының кей аудандарында санитарлық шектеулер енгізілді
Қостанай облысындағы Ұзынкөл, Сарыкөл және Қарабалық ауданында санитарлық шектеулер енгізілді. Бұған 300-ден астам ірі қарадан бруцеллез анықталуы себеп болып отыр. Енді бұл өңірлерге малды сырттан әкелуге, не шығаруға тыйым салынған. Ал бойынан індет белгісі табылған түлік 15 күн ішінде арнайы цехтарда сойылады. Қазір ауру тараған елді мекендерде эпизоотияға қарсы республикалық жасақ зарарсыздандыру жұмысын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар осы аудандардағы барлық ірі қарадан екі рет қан сынамасы алынады.
Айнагүл Кушубенова, ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:
Осы екі қайтара тексеру кезінде бірді-бір малдан бруцеллез таяқшасы табылмаса, ветеринар мамандар жергілікті әкімдіктерге шектеуді алып тастау туралы ұсыным береді. Сол ұсынымға сәйкес әкімдер шектеудің күшін жою туралы шешім шығара алады.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09
Жеңілдетілген ипотекаға сұраныс жоғары
08.09.2026, 20:06