Бұл «Qazaqstan дауысы. Балалар» мегажобасына қатысушысы Әлихан Нұрлыбектің Димаш Құдайбергеннің репертурынан ән шырқап тұрған сәті. Әділқазылар алқасы мен көрермен оның даусына тәнті болды. 13 жастағы дарын иесі Қытайдағы «I’m singer» байқауында Димашты әлемге танымал еткен композицияны орындады. Нәтижесінде қазылардың үшеуі әншіге таңдау жасады. Әлихан ән айтумен 7 жасынан айналысады. «Туыстарым бірегей дауысымды атамның дауысына ұқсатады. Бұл - мен үшін үлкен мақтаныш»,-деді әнші байқау барысында. Айта кетейік, мегажобаның бұл кезекті шығарылымы өткен сенбіде Ұлттық арнада тікелей эфирде көрсетілген болатын.