Шымкентте мың маман жұмысқа жолдама алады
Шымкентте жыл басынан бері жоғары оқу орнын тәмамдаған 250-ге жуық жас маман «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасты. Олардың басым бөлігі білім, туризм және ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етуде. Биыл бұл бағдарлама арқылы мыңға жуық жас маманды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Мемлекеттік қолдаудың шарапатын көрген жастардың бір парасымен тілшіміз жүздесті.
Аружан Әлжанова жоғары оқу орнын былтыр тәмамдады. Туған жерінен жырақтамай, еңбек жолын Шымкентте бастады. Бала күнінен фармацевт болуды армандаған ол қазір әр дәрінің құрамы мен мөлшеріне жіті мән береді. Айтуынша, бұл салада қателікке жол жоқ, себебі оның артында адам өмірі тұр.
Аружан Әлжанова, фармацевт:
Бұл мамандықты таңдауға мен өзімнің дәрілерге, фармацияға деген қызығушылығым болды. Сол үшін осы мамандықты таңдадым. Біз бір жылдың ішінде көптеген тәжірибе жинап, білім алдық. Университетте алған білімімізді шыңдап, толықтай маман болып қалыптасуымызға жастар бағдарламасы бізге үлкен мүмкіндік беріп жатыр.
Былтыр қаламызда Аружан сияқты мыңнан астам жас маман жұмыспен қамтылды. Барлығы барған жерлерінде бір жыл алаңсыз еңбек етеді. Қарым қабілетіне қарай тұрақты жұмысқа орналасып жатқандары да бар. Мамандардың айтуынша, бұл жоба – жастар үшін үлкен мүмкіндік.
Айнұр Өтегенова, фармацевт:
Өзіне жараса кішкене қиыншылығы бар. Бірақ соған қарамастан жастар тез қабылдап, үйреніп келе жатыр. Иә, қазір мемлекет жастарға көп мүмкіндіктер беріп жатыр. Мемлекеттік бағдарлама бойынша көп жастар қабылданып жатыр. Бұл жастардың жұмыссыздығына көп әсерін тигізіп жатыр.
«Жастар практикасы» бағдарламасына 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Дипломы болғанымен, еңбек өтілі жоқ жастар осы жоба арқылы өз мамандығы бойынша тәжірибе жинақтап, кейін тұрақты жұмысқа орналасады. Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі – оның мерзімі бір жылға дейін ұзартылып, айлық жалақысы көбейді.
Бағдат Арқабаев, «Еңбек мобильдігі орталығының» директоры:
35 жасқа дейінгі жастар 5 жылдың ішінде жұмыс істемеген болса қатыса алады. Өте жақсы мүмкіндік. Өткен жылы 1800-ге жуық жастарды жастар парактикасымен жолдадық. Қала әкімдігі, аппарат, прокуратура бәрі жастар практикасымен адам алады. Жақсы қырынан көрініп, ары қарай прокурор болып қалып кетіп жатыр.
Шымкентте 2026 жылы Еңбек мобильдігі орталығы арқылы 32 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту жоспарланған. Оның 11 мыңы тұрақты, 5 мыңы уақытша жұмыс орындарына жолдама алады. «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында мыңға жуық жас маман алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтайды.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақ бантик»: Түлектер желіде жаңа челлендж бастады
24.05.2026, 20:00
Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады
24.05.2026, 19:59
Арықтататын дәрілердің ағзаға зияны қандай?
24.05.2026, 19:56
Қытайда шахтадағы апаттан 90 адам қаза тапты
24.05.2026, 19:54
Мемлекет жалға беретін баспана мен жалға алу құнын субсидиялау: Шарттары қандай?
24.05.2026, 19:52
Жұмысшының еңбек құқығы: Заңға қандай өзгеріс енгізіледі?
24.05.2026, 19:51
Қазақстандықтардың 36 млрд теңге әкімшілік айыппұлы кешіріледі
24.05.2026, 19:50
Астанада күрес түрлерінен Әлем чемпионаты өтеді
23.05.2026, 20:08