Атырауда қоқыс полигоны өртеніп жатыр
Атырауда қоқыс полигоны өртеніп қаланы жағымсыз иіс басты. Әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт оқиға орнынан тікелей байланысқа шықты.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Қызыл жалын әлі ауыздықталмады. Қоқыс полигонының кей жерлері әлі жанып жатыр. Қазір өрттің аумағы 2500 шаршы метрге дейін жетті. Алдын алу үшін төтенше жағдайлар департаменті және автобаза мекемесінен 35 техника мен 65 адам жұмылдырылған. Өрт сөндірушілердің айтуынша, полигондағы отты сумен өшіру тиімсіз. Тек осылай топырақпен көму қажет дейді мамандар. Қазір көріп тұрғандарыңыздай қызметкерлер дамылсыз жұмыс істеп жатыр. Менің жанымда қалалық ТЖБ бастығының міндетін атқарушы Сәбит Борашев тұр. Сәбит мырза, өртті сөндіру үшін қанша уақыт кететін түрі бар?
Сәбит Борашев, қалалық ТЖБ бастығының м.а.:
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Отты өшірген соң арнайы комиссия зерделейді. Содан соң полигонға жауапты мекемеге құзырлы органдар шара қолданады.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04