Шымкентте заңсыз сыйақы алған перзентхананың бас дәрігері мен орынбасары жазаға тартылды
Шымкентте перзентхананың бас дәрігері мен орынбасары лауазымын пайдаланып, заңсыз ақшалай сыйақы алған. Басшы құрам Конституция күні мерекесінде перинаталды орталықтағы 31 қызметкердің әрқайсысына 450 мың теңге ақшалай ынталандыру беруді ұйғарған. Олардың арасында бөлім меңгерушілері мен дәрігерлер бар. Ақшаға құныққан басшылар сыйақыға берілген қаржының жартысын қайта жиып алған. Бас дәрігер еңбек демалысында болғанына қарамастан хатшысы арқылы ақшаны үйіне алдыртқан. Оның сыбайласы екеуі алаяқтықпен иемденген қаржысы 2 миллион 800 мың теңге. Оңай олжа тапқысы келген лауазым иелерінің кінәсі сотта дәлелденіп, әрқайсысы мемлекетке 3 миллион теңгеден астам қаржы төлеуге міндеттелді.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең футболдан Чемпиондар лигасының финалы өтеді
29.05.2026, 20:55
Павлодарда ретро көліктер көрмесі өтті
29.05.2026, 20:54
Астаналық полицейлер 7 жасар баланы қуантты
29.05.2026, 20:52
Түркияда мал соямыз деп 13 мың адам жараланды
29.05.2026, 20:51
«Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды
29.05.2026, 20:50
Студенттер қоқыс полигонының жұмысымен танысты
29.05.2026, 20:48
БҚО-да жылу, су, электр желілері жаңартылып жатыр
29.05.2026, 20:21
Конституция – ел дамуын оңтайландыратын құжат
29.05.2026, 20:20