Түркияда тұрғындарға бір жыл бойы тегін газ беріледі
Түркия тұрғындары үшін ас үйде қолданатын газ бір жыл бойы тегін болады. Мұндай ерекше жаңалықты ел Президенті Режеп Тайып Ердоған жариялады. Осыдан үш жыл бұрын Қара теңіз табанынан табылған табиғи газ кеше қалаларға газ тарату кешеніне қосылды. Осыған орай ел билігі Президенттік сайлау қарсаңында ерекше шешім қабылдап отыр. Қара теңізден табылған көгілдір отынның мол қоры Түркияны газ импортынан құтқарды. Бұған дейін табиғи газ бойынша Ресей мен Иранға тәуелді болып келген ел бірер жылда өздері Еуропа елдеріне газ сатуды жоспарлап отыр.
Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:
85 миллион халқым үшін тағы бір ерекше жаңалығым бар. Бір ай бойы барлық Түркия аумағында тек ас үйде емес, ғимараттарды жылытуға қолданылған газ үшін де төлем алмаймыз. Бұл әсіресе әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындар үшін өте үлкен көмек болмақ. Қара теңізден алғашқы этапта күніне 10 млн текше метр, алдағы жылдары күніне 40 млн текше метр газ шығара бастаймыз.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда 21 мыңнан астам бала аутизммен тіркеуде тұр
02.04.2026, 13:15
Шымкенттік жастар 80 түп көшет екті
02.04.2026, 13:14
Жамбыл облысында ардагерлер саябағын тазалады
02.04.2026, 13:12
Оралда санитариялық-экологиялық айлығы жарияланды
02.04.2026, 13:10
Халық саны 20 миллион 500 мыңнан асты
02.04.2026, 13:08
Ақтауда аяғы ауыр әйелдерді алдаған есепші сотталды
02.04.2026, 13:06
Трамп Таяу Шығыстағы соғысқа қатысты үндеу жасады
02.04.2026, 13:04
Қазақстан мен Перу сотталған адамдарды экстрадициялайтын болды
02.04.2026, 13:02