Қарағандылық полицейлер Жамбыл облысының тұрғынынан 12 килограммға жуық есірткі тәркіледі. Ол оны қала орталығында тұрып жатқан жерінде сақтаған. Жедел іздестіру шаралары кезінде 32 жастағы күдікті ұсталды. Тінту кезінде қорапқа салынған гашиш есірткісі тәркіленді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Сондай-ақ Қостанай облысының Рудный қаласында полиция ірі көлемде есірткі сақтаған ер адамды ұстады. Жедел іздестіру кезінде 32 жастағы күдіктінің қалтасынан 12 түйіншек табылған. Әрі қарай тексеру барысында қала саябағынан есірткі жасырылған тағы бірнеше орын анықталды. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде асүйден есірткі салынған 70 пакет шықты. Табылған синтетиканың жалпы салмағы шамамен 30 грамм, бұл үлкен партияға жатады. Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Руслан Нұрланұлы
Дәуренбек Әбдібек