Баспана саудасы 64%-ға азайған
Елімізде қатарынан үшінші ай баспана саудасы азайған. Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша өткен айда пәтер сату-сатып алу көрсеткіші бірден 64 процентке төмендепті. Сарапшылар бұған қол жетімді ипотекалық бағдарламалардың жоқтығы себеп дейді.Жұрт пайызы жоғары ипотеканы рәсімдегісі келмейді, сәйкесінше сауда тоқтап тұр. Ал «7-20-25» бағдарламасына лимит енгізілгені белгілі. Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшылары бұл шаршы метр бағасына айтарлықтай әсер ете қоймайды дейді. Өйткені сұраныстың азайғанына қарамастан баға біршама қымбаттаған. Десе де нарыққа оң әсер ететін тұстары бар.
Ермек Мүсірепов, Жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы:
Қазір құрылыс компаниялары сұранысты қайта арттыру үшін түрлі ұсыныстар жасап жатыр. Мәселен пәтерді алғашқы жарнасыз бөліп төлеуге алу мүмкіндігі пайда болды. Екінші деңгейлі банктермен бірігіп өзге де акцияларды ойлап тауып жатыр. Сондықтан баға қазір тұрақталғанымен шаршы метр құны инфлациямен бірге шарықтай береді.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07