Болат Назарбаевқа тиесілі «Барыс» автобазары мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болат Назарбаевқа тиесілі «Барыс» автобазары мемлекетке қайтарылды

18.04.2023

Алматы іргесіндегі «Барыс» көлік базары сот шешімімен мемлекет меншігіне қайтарылды. Іс Қарасай аудандық сотында қаралды. Ондағы материалдарға сай 2004-2019 жылдар аралығында жер телімдерін сату бойынша 7 келісімшарт жасалған. Сондықтан прокурорлар сатып алу, сату келісімдерін жарамсыз деп танып, жерді қайтадан мемлекет меншігіне қайтаруды талап еткен. Нәтижесінде Болат Назарбаевқа тиесілі 37 гектар аумақ қайтарылды. Сот шешімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

Мөлдір Мұхамеджанова, облыстық соттың баспасөз хатшысы:

Сот процесінде ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру кезінде жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық аумақтың органның және ортақ уәкілетті органдардың жер учаскелерінің санатын беру тәртібі бұзылғаны анықталды. Яғни, азаматтық істі қарау кезінде сату шарттарын жарамсыз деп тану үшін заңды негізде анықталған.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу