Риддердегі жылыту орталығында ақау шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Риддердегі жылыту орталығында ақау шықты

18.04.2023

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддердегі жылыту орталығында тағы ақау шықты. Қала басшысының орынбасары Мұрат Байжүменовтың айтуынша, жоғары қысымдағы қазандықтың бірі сөніп қалған. Осының кесірінен көпқабатты үйлер мен кейбір әлеуметтік нысандардағы жылу қуаты төмендеп кеткен. Жылудың қуатын қайта көтеру үшін қосалқы қазандық іске қосылғанымен көпқабатты үйлер әлі де салқын. Ал Риддерде кешелі бері күн райы қайта суытып, қаланы қар басып қалды.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу