ШҚО-дағы «Риддер ЖЭО» кәсіпорнының техникалық жағдайы күрделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-дағы «Риддер ЖЭО» кәсіпорнының техникалық жағдайы күрделі

19.04.2023

Шығыс Қазақстан облысындағы «Риддер жылу электр орталығынан» осы маусымда 67 рет ақау шықты. Салдарынан Риддердегі 55 мыңнан астам тұрғын қыстан дірдектеп, әупірімдеп шығып отыр. Стратегиялық нысанның салынынғанына 60 жылға жуықтаса да, күні бүгінге дейін бірде-бір жөндеу көрмеген. Жылыту орталығының бұрынғы иесі жыл сайын миллиардттаған теңге пайда тапсада қондырғыларды жаңаламаған. Наурыз айында басқа инвестор келгенімен жағдай оңалмай тұр. Кредиторлық қарызы 3 миллиард теңгеден асқан. Тіпті соңғы айларда мазут пен көмір сатып алу мен жұмысшылардың айлығын беруде үлкен мәселеге айналған. Қыстай жөндеу жұмыстарын жүргізген жұмысшылар алдындағы қарызы 25 миллион теңгеге жеткен. Бұл туралы бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысынан соң, журналистерге аймақ әкімі-Даниал Ахметов айтты. Оның сөзінше мәселені шешудің оңтайлы жолы стратегиялық нысанды мемлекет меншігіне қайтару. Бірақ қазіргі заңға сәйкес оған мүмкіндік жоқ. Сондықтан заңға тез арада өзгеріс енгізуді ұсынды.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Өте күрделі мәселе. Бірақ та Президенттің тапсырмасына сәйкес жаңа заң қабылдану керек. Сонда «Риддер ЖЭО» кәсіпорнын өзімізге алғанда ғана төрт айдың ішінде жөндеу жұмысын сапалы өткіземіз.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу