Астанада әйелдер арасында шахматтан халықаралық матч басталды. Онда құрама ойыншылары рапид және блиц бойынша әлем құрамасына қарсы ойнайды. Бұл тарихи оқиға. Өйткені, мұндай ойын әлемдік шахмат тарихында бұрын-соңды болмаған. Ұлттық құрамаға гроссмейстер Гүлмира Дәулетова жетекшілік етеді. Команда 8 адамнан тұрады. Құрамында Бибісара Асаубаева, Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова секілді шахмат жұлдыздары бар. Әлем құрамасы атыннан FIDE рейтингінде нөмірі 1 қытайлық шахмат жұлдызы, 4 дүркін әлем чемпионы Хоу Ифань мен тағы 7 елдің өкілі қатысады.
Гүлмира Дәулетова, Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры:
Жалпы командамыз өте мықты. Сонымен қатар қыздарымыз да өте мықты. Сайыс 14, 16, 18, 20 жасқа дейінгі ойыншылар арасында өтіп жатыр. Олардың арасында Нұрғалиев Зарина деген қызымыз бар. Ол былтыр 14 жасқа дейінгі әлем чемпионы болды.
Сондай-ақ күні кеше шахматтан әлем чемпионының «алтын тәжі» үшін өтіп жатқан матчың 6-шы партиясы аяқталды. Әзірге қытайлық гроссмейстер Дин Лижэнь мен ресейлік гроссмейестер Ян Непомнящий бірдей келе жатыр. Есеп 3:3. Жоспар бойынша ойын мамырдың біріне дейін жалғасады.
Асылбек Данияр