Астанада «Тегін такси» акциясы ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Тегін такси» акциясы ұйымдастырылды

17.04.2023

Ақұлпаға оранған қаланы тазалауға жауапты мекемелермен бірге қолдарына күрек ұстаған тұрғындар да атсалысып жатыр. Бұдан бөлек, бас шаһардағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері «Тегін такси» акциясын ұйымдастырды. Қазіргі сәтте 15-тен астам ерікті жүргізушілер қол бұлғап, көлік іздеген жандарды тегін тасып жатыр. Қайырымдылық іс-шарасы күн жылынғанша жалғасады.

Рамазан Медеубеков, қала тұрғыны:

 Жолда такси тоқтатып тұрғанмын, сосын бұл кісі тоқтап тегін апарамын дегеннен кейін мен таң қалдым. Қазір такси бағасы қымбаттап жатыр.


Хабарламаларға жазылу