Астана көшелерімен «Мәңгілік полк» жүріп өтті (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана көшелерімен «Мәңгілік полк» жүріп өтті (ФОТО)

09.05.2016
Астана көшелерімен «Мәңгілік полк» жүріп өтті (ФОТО)

Бүгін 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеу аясында Астанада «Мәңгілік полк» ауқымды акциясы өтті.

Шараға Ұлы Жеңісті ұлықтайтын және бейбітшілік пен жеңісті сыйлаған аталарының жанқиярлық ерлігін құрметтейтін барша қала тұрғындары мен азаматтары, әскери қызметшілер қатысты, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Акцияға қатысуға мыңдаған адам ниет білдіріпті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараға 5000-ға жуық адам қатысты. Олардың ішінде отбасы мүшелерімен, балаларымен келген азаматтар көп.

Қатысушылар «Astana mall» сауда, ойын-сауық орталығынан бастап Тәуелсіздік даңғылымен «Отан қорғаушылар» монументіне дейін барлығы 1,8 км қашықтықты жүріп өтті. Олар қолдарына Ұлы Отан соғысында қаза болған аталарының портреттерін ұстап, соғыс жылдарындағы әндерді орындай отырып, үлкен мақтанышпен жүріп өтті. Одан кейін «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды.

Айта кетейік, «Мәңгілік полк» акциясы әлемнің 600 қаласын қамтыды. Жылдан жылға шара бұқаралық сипатқа айналуда. Астанада аталған акция өткен жылы 8 мамырда алғаш рет ұйымдастырылды. Онда қала көшелерімен 1500 адам жүріп өтті.

Хабарламаларға жазылу