Павлодарда «Мейірімді қала» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Мейірімді қала» акциясы өтті

29.01.2018

Қыс қаншама қытымыр мінез танытқанымен, жаны жайсаң жастарды мойыта алмайды. Павлодарлық белсенді жастар кешкі сағат алтыдан кейін аялдамада қоғамдық көлік күткен тұрғындарды үйлеріне жеткізіп салуға көмектеспек. Ол үшін жеке көлігі бар «тегін такси» болуға ниеті бар адамдар жастар бастамаларын дамыту орталығының алдына келуі тиіс.  Ол жерден автобустардың кешеуілдеп жатқан бағыттарын, жаяу жүруге тура келетін аумақтар туралы ақпаратты білуге болады. «Мейірімді қала» акциясы аяз сынып, күн жылынғанға дейін жалғасады. 

Саят Жүсіпбаев, облыстық Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры:

- Тіркеуден өткен 7 көлік келіп отыр. Оның ешқайсысын шақырған жоқпыз. Келіңдер деп айтқан жоқпыз. Өз ойларымен, ынтасымен келіп отырған қаламыздың белсенді, мейірімді адамдары.  

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу