Семейде «Тегін такси» акциясы жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде «Тегін такси» акциясы жүріп жатыр

17.01.2023

Семейде «Тегін такси» акциясы ұйымдастырылды. Қыстың аязды күндері мен көктайғақтан қазір шаһарда жүріп-тұру қиындаған. Сол себепті мешіт қызметкерлері мен волонтерлар семейліктерге осылай қолдау көрсетуді жөн көрген. Акцияға 50-ден астам көлік қатысып, суық күні аялдамада тұрған халықты қалаған жеріне тегін жеткізіп жатыр. Қайырымдылық шарасы аяздың беті қайтқанша жалғаса бермек.

Бауыржан Ахметжан, волонтер:

Суық күнде қаламыздың тұрғындарына қолдан келгенше өзіміздің жылуымызды сыйлауға әрдайым дайынбыз. Қолдан келгенше тасымалдауға тырысамыз. Осы акцияға волонтер ретінде қатысқаныма қуаныштымын. 

Е.Жақып

Хабарламаларға жазылу