АҚШ-та бір тәулікте 2 бірдей атыс тіркелді
АҚШ-та бір күнде екі бірдей атыс тіркеліп, алты адам қаза тапты. Мәселен, Алабама штатында күдікті туған күн тойлап жатқан жасөспірімдерге оқ жаудырған.
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Қайғылы оқиға Алабама шататына қарасты Дадвиль атты үш мың адам тұратын шағын қалашықта болды. Қазір қылмыс орны қоршауға алынып, тергеу жүріп жатыр. Жергілікті полицияның хабарлауынша, атыс түнгі 22:30-да тіркелген. Он алты жастар жасөспірімдер туған күнін тойлап жатқанда күдікті оқ жаудырған. Алайда қылмысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеушілер ешқандай ақпарат таратпады, қандай да бір күдікті жайлы да мәлімет жоқ. Мамандардың айтуынша, ауыр жарақат алған бес жасөспірім қазір жансақтау бөлімінде.
Джереми Буркетт, Alabama құқық қорғау органының өкілі:
Төрт жастың өмірі қыршын қиылды. 28 адам жарақат алды. Кейбірі ауыр жағдайда. Олар үшін бұл ұзақ, күрделі процесс болмақ.
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Дәл осындай қылмыс Кентукки штатында да болды. Күдікті саябақта тұрғындарға оқ жаудырып, 2 адам қаза тапты. Жалпы, қарудың нарықта еркін сатылуы және көптігі оны адамға қарсы кезену қылмысын өршітіп тұр. Оның ішінде биыл алтыншы сынып оқушысы өз мұғалімін қасақана атып жараласа, наурыз айында жиырма сегіз жастағы әйел өзі білім алған мектепке келіп, алты адамды атап тастаған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлы дала әндері Сербияда шырқалды
14.10.2025, 13:23

БҚО-да «Жайық жастары» бағдарламасымен үй алуға өтініш қабылдау басталады
14.10.2025, 13:19
Биыл 33 мыңдай жас маман еңбекпен қамтылады
14.10.2025, 13:16
Жыл басынан бері 600 мыңнан аса адам жұмысқа кірді
14.10.2025, 13:14
Көкшетауда мүгедектер арбасын құрастартын болды
14.10.2025, 13:12
Өзбекстанда сиам егіздерін ажырату операциясы сәтті жасалды
14.10.2025, 13:10
ДСҰ әлем елдеріне жөтелге қарсы сироптың қауіптілігін ескертті
14.10.2025, 13:08
В.Зеленський жұма күні Д.Трамппен кездеседі
14.10.2025, 13:06