«Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы басталды
Еліміз бойынша соңғы екі жылда 80 ауыл жойылған. Әлі де жабылудың аз-ақ алдында тұрғандары қаншама. Мұндай түйткілді ретке келтіру үшін Абай облысының әкімшілігі «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасын ұсынып отыр. Бүгін бірнеше облыс өкілдері қатысқан өңірлік форум ұйымдастырылып, ауыл әкімдеріне алдағы екі жылда іске асатын бағдарламаның артықшылықтары таныстырылды.
«Қаладан-ауылға». Аты айтып тұрғандай қала тұрғындарын ауылға көшіп, ондағы халық санын көбейтіп, еңбек етуге үндейтін жоба. Биылдан басталатын бағдардамаға қатысушыларға көп мүмкіндіктер бар. Жеңілдетілген қомақты несиелер, үй-жай, тұрақты жұмыс.
Берік Уәли, облыс әкімі:
Жоба аясында ауыл тұрғындарын тұрақтандыру және қаладан ауылға қоныс аударушыларды тарту арқылы демографиялық тепе-теңдікті сақтау. Ауылдық елді мекендердегі кадрлар тапшылығын азайту. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Сондай-ақ «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жаңа мазмұнда тиімді іске асыру көзделіп отыр.
Форумға келген ауыл әкімдері «Қаладан-ауылға» жобасын қос қолдап қолдап отыр. Өйткені, халық саны азайып, әупіремдеп әрең тұрған елді мекен көп.
Нұрлан Назарханов, Шұғылбай ауылдық округінің әкімі:
Қазір халықтың саны өте аз кейбір ауылдарда. Сондықтан жер бар жұмыс істеймін деген адамға. Біз әр жағынан көмектесуге дайынбыз. Үйлер салып жатыр қазір мемлекет.
Ал Абай ауданы Медеу ауылының халқы көшіп келгендерді «үлде мен бүлдеге бөлейміз»-деп дайын отырған көрінеді. Өйткені 200 балаға лайықталған ауыл мектебінде 30 оқушы ғана қалған. Сондықтан ауылы жабылмас үшін медеуліктер көш түзеген отбасыларға мемлекеттік бағдарламаға қосымша қолдау бермекке бекінген.
Еркебұлан Кеңесбекұлы, Медеу ауылының әкімі:
Ауылдық округке көшіп келген оқушысы бар әрбір отбасына 10 бас қой, екі бас мүйізді ірі қара, бір бас жылқы малын беру. Ауылдық округке көшіп келгеннен кейін дүниеге келген сәбиіне ат мінгізу жоспарланып отыр.
«Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы арқылы қоныс аударғандарға сатып алынатын үйдің бастапқы жарнасының 90 пайызын облыс әкімдігі өтейді. Ауылға көшкендер кәсіп ашу үшін «Ауыл аманаты», «Іскер аймақ» бағдарламаларына қатыса алады. Бизнес идеялар үшін қомақты гранттар бар. 6 пайызбен 7-10 жылға дейін жеңілдетілген несие алып мал өсіруге болады. Ең бастысы пилоттық жоба екі қолға бір күрек таппай, қалада пәтер жалдап, айлығы шайлығына жетпей қиналып жүрген талайлардың тұрмысын тіктеуге берілетін үлкен мүмкіндік болып тұр.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
5,4 млн гектар орман алқабына өртті ерте анықтау жүйесі енгізіледі
20.02.2026, 20:59
Жаңа Ата Заң жобасына қоғамның өзекті құндылықтары енген
20.02.2026, 20:56
Елде ЖРВИ-мен сырқаттану деңгейі 13%-ға азайды
20.02.2026, 20:55
Биыл 40 газдандыру жобасы іске асады
20.02.2026, 20:49
Конституциялық жаңашылдық - өркендеу жолындағы маңызды қадам
20.02.2026, 20:48
Диқандар су үнемдеу технологиясын кеңінен қолдана бастады
20.02.2026, 20:46
Білім мен ғылым – дамудың стратегиялық бағыты
20.02.2026, 20:14
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
20.02.2026, 20:12