Қызылордада Алаш қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай ұлт зиялысы туралы жаңа кітап көпшлікке таныстырылды. Жалпы биыл «Түрксой» халықаралық ұйымы аясында Темірбек Қараұлының есімі мен еңбегі түркі әлеміне кеңінен насихатталмақ. Тағылымды шаралар туған жері Сыр өңірінен бастау алды. 1937 жылы Алаш зиялылары солақай саясаттың құрбанына айналып, олардың жұбайлары да қудалауға ұшырады. Сол бір зобалаңда Темірбек Жүргеновтің жары Дәмеш Ермекова да 8 жыл «Алжирдің» азабын кешті. Небір қиындыққа төзіп, әділдік үшін күрескен ол 1946 жылы босатандыққа шығады. Темірбек Жүргеновтің де толық ақталуына қол жеткізген қайсар мінез қазақ әйелінің құрметіне бүгін шаһардан көше атауы берілді. Ұлт руханиятына үлкен еңбек сіңірген Жүргенов қазақ даласында 400 мектеп салдырып, білім мен мәдениетке өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Елінің ертеңі үшін қалтқысыз қызмет еткен саясаткер туралы жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың «Комиссар Жүргенов» атты романы оқырманның қолына тиді. Әлі сиясы кеппеген туындыға Алаш қайтаркері туралы тың деректер енген.
Сәпен Аңсатов, Т.Жүргенов атындағы қоғамдық қор төрағасы:
Темірбек Жүргенов бұған дейін танымалдығы қандай жағдайда, ол туралы қаншалықты қай жерде қандай зерттеулер бар. Соның сан қырлы талантының қай қыры, осы ғылыми түсіндірмесімен жарыққа шықты. Қайссы архивте шаң басып жатыр. Бірінші соларды жарыққа шығару.
Мұнан соң ғылыми-конференцияда ғалымдар Темірбек Қараұлының өмір жолы мен еңбегі туралы өз зерттеулерімен бөлісті. Жалпы Орта Азияның сақа саясаткерлерінің бірі болған Темірбек Жүргеновтің мұрасы биыл барша түркі елдерінде кеңінен насихатталмақ.
Сұлтан Раев, халықаралық Түрксой ұйымының бас хатшысы:
Биыл қазан айында Анкарада Нарком Жүргенов спектакльінің прьемерасы болады. Анкарада халықаралық театр фестиваліне қатысады Қызылорданың театры. Қырғызстанда, Өзбекстанда өткреміз шараларды.
Биыл Жүргеновтің 125 жылдығына орай елімізде 100-ден астам түрлі іс-шара өтеді. Сондай-ақ, «Комиссар Жүргенов» романы 6 тілге аударылып, түркі елдерінде де жарыққа шықпақ.
Әділбек Серікұлы