Алматыда жекеменшік автотұрақтар қала меншігіне өтеді
Бұл мәселеле Алматыда да бар. Енді ол жақта қала атынан жалға алынған автотұрақтар, «Алматы паркингіне» беріледі. Одан жиналған қаражат жергілікті бюджетке түседі. Тұрғындар шағымынан соң шаһар басшысы Ерболат Досаев осындай шешім қабылданатынын жеткізді. Әуелі мегаполистегі жекеменшікке тиесілі автотұрақтардың саны анықталады. Бұл шаруамен қалалық Жер қатынастары және мобильділік басқармасы айналысады. Бұқараның айтуынша, соңғы уақытта тұрақтарда түрлі заңбұзушылықтар жиілеп кеткен.
Жетісу-2 шағын ауданында 16 және 19-үйлердің арасында автотұрақ бар. Оған 10 жылдан аса уақыт болды. Біз меншік иесінің кім екенін түсіне алмаймыз. Келісімшарттар да, фискалдық чектер де жоқ. Бірақ біз ай сайын ақша төлейміз. Жер жеке меншікте. Осыған не дейсіз?
Яғни, жекеменшік автотұрақтардың иелері өздеріне ешқандай жауапкершілік алмайды. Сондықтан Алматы әкімі жалға алынған автотұрақтар орналасқан жерлерді қала қарамағына берілетіндігін атап өтті.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026»: Арал өңірінде халықаралық волонтерлер апталығы өтуде
20.10.2026, 16:18
Семсерлесуден жеңген спортшылар елге оралды
20.10.2026, 13:17
Қызылордада «Green Aral» апталығы өтіп жатыр
20.10.2026, 13:15
Алматыда ЖИ-ді дамытатын 2 ірі орталық ашылады
20.10.2026, 13:12
Павлодарда өрт сөндіруші роботты сынады
20.10.2026, 13:10
Астанада Ұлттық ұланның патрульдік бекеттері ашылды
20.10.2026, 13:09
Ыстанбұлда селге себеп болған ғимараттар сүріледі
20.10.2026, 13:07
Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды
20.10.2026, 13:05