Павлодар облысындағы инвесторға берілген жер заңсыз болып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысындағы инвесторға берілген жер заңсыз болып шықты

14.04.2023

Павлодар облысы Ақсу қаласы аумағында салынып жатқан тауарлы-сүт фермасынының құрылысына жер учаскелері заңсыз берілген болып шықты. Соның салдарынан Қаракөл және Ребровка ауылдарының тұрғындары малдарын жайылымға шығара алмай, ал ірі шаруашылықтар жайлауға көше алмай отырғанын бұған дейін жаңалықтарымызда айтқанбыз. Іле ұлттық арна көтерген мәселе бойынша облыстық жер инспекциясы сотқа арыз түсірген.

Марат Шәмшиденов, Жер ресурстарын басқару департаментінің бөлім басшысы:

Халықтың мұқтажын қарастырып дәлелденді. 2018 жылы үш жер учаскесі заңсыз берілгені анықталды. Өйткені, ол үш жер учаскесі ауылдық елді мекеннің жері деп саналады. Біздің тексерістің нәтижесінде «кронос-Павлодар» ЖШС-не берілген жер учаскелері заңсыз деп танылды. Сот шешімі күшіне енген жағдайда халық осы жерді пайдалануға құқылы.

Бірақ тұрғындар әлі де наразы. Себебі, олар инвесторға берілген жерді түгелдей тексеруді қалайды. Ал, жер ресурстарын басқару департаменті бөлшектелген учаскелердің ғана заңдылығын анықтап, соттың қарауына шығарған. Инвестордан қайтарылатын жер өріске тар. Сондықтан өкілетті орган тауарлы-сүт фермасын салуға және суармалы егістікке берілген аумақтың әр сотығын қарауы тиіс дейді тұрғындар.

Рустам Халитов, Қаракөл ауылының тұрғыны:

Ауыл адамымыз. Заңгерлік біліміміз жоқ. Мемлекеттік органға жазған арызымыз шала-шарпы қаралыпты. Қалаға ерігіп келген жоқпыз. Өмір бойы ауылда тұрып, малмен күн көріп отырмыз. Соны ескермей ақшалы кәсіпкерге неліктен біздің жерімізді бере салады? Мал жайылымынан алысырақ берсе, осындай дау туындамас еді. Біз бүкіл жерімізді қайтаруға тырысамыз.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу