Қостанайда жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлады
Қостанайда футбол қақпасы құлап, 16 жастағы жасөспірімді басып қалды. Оқыс оқиға қаладағы ашық спорт алаңдарының бірінде болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, футбол алаңы 2020 жылы салынған. Сол кезде қақпаны жерге бекітпеген. Яғни, қауіпсіздік ережесі өрескел бұзылып отыр. Ауыр салмақты темір қақпа астында қалған жеткіншек қатты зақымданып, ішегі үзілген. Жансақтау бөліміне түскен балаға дәрігелер дереу операция жасады.
Игорь Белобржицкий, Облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімінің басшысы:
Ол бірден жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Содан кейін жағдайы тұрақтала бастады. Қазір аппараттан ағытылды. Бала есін жиып, тілге келді. Өз бетінше еркін тыныс алып жатыр. Сондықтан жағдайы қалыпты деуге толық негіз бар.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09
Жеңілдетілген ипотекаға сұраныс жоғары
08.09.2026, 20:06