Шымкентте туберкулезге шалдыққан мұғалім сабақ берген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте туберкулезге шалдыққан мұғалім сабақ берген

14.04.2023

Шымкент қаласындағы мектептердің бірінда туберкулездің ашық түріне шалдыққан мұғалім балаларға сабақ беріп келген. Жұқпалы дертке шалдыққан оқытушы бастауыш сыныптардың мұғалімі. Оның кемі 77 оқушымен және ұжымдағы 119 қызметкермен байланыста болғаны анықталып отыр. Осыған байланысты санитарлық эпидемиологиялық бақылау қызметі мамандары мектептегі сабақты бір тәулікке тоқтатып, білім ұясының ішіне дезинфекция жүргізген. Ал науқаспен қарым-қатынас жасағандар түгелдей флюрографиялық тексерістен өтуге жіберілді. Және арнайы дәрілік екпе салынды. Мектепте санитарлық эпидемилогиялық тексеріс әлі де жалғасып жатыр. Сырқатқа шалдыққан мұғалім емін қабылдап жатыр. Ол медициналық тексерістен соңғы рет осыдан бір ай бұрын өткен екен.

Мейрамкүл Тойшиева, қалалық №2 емхананың фтизиопедиатр дәрігері:

Қауіп бар ауырып қалды ау деген. Инфекция түсті. Оны жоюымыз керек. Егер оны жоймай, ата-аналар дәрі ішпейміз деп қарсылық таныта беретін болса балалардың ауырып қалу қауіпі бар.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу