Елдегі шаруалар 5 млрд теңге көлеміндегі субсидиядан қағылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі шаруалар 5 млрд теңге көлеміндегі субсидиядан қағылған

11.04.2023

Фермелер былтыр «Qoldau» платформасы кезінен қалып қойған 5 млрд теңгеден астам инвестициялық субсидиядан қағылған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Сондай-ақ, жаңа ақпараттық платформаның жұмысы түсіндірілді. Бұдан былай кез келген азамат gosagro.kz жүйесіне кіру арқылы фермерлерге қандай сомаға субсидия берілгенін көре алады. Егіс алқабы көлемін жай ғана өлшеп, шекарасын қолмен сызуға да мүмкіндік жоқ. Нақты қанша гектар жер бар екенін ғарыштық мониторинг анықтайды. Бұрынғы «Qoldau» жүйесінде жерді игеруде дұрыс ақпарат көрсетілмеген. Яғни фермер енгізген егістік карталарындағы жерлер іс жүзінде игерілмеген.

Бернат Алпысбеков, ҚР АШМ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және агроөндірістік кешені цифрландыру департаментінің директоры:

Бүкіл ауыл шаруашылығы басқармаларың субсидия қарызы 25 млрд теңгеден асты. Қазір соның 18 млрд теңгесі төленді. 2022 жылы фермерлерге 25 млрд теңгенің инвестициялық субсидиясы төленбеген болса, қазір соның 18 млрд теңгесі жабылған. Сондай 5-7 млрд теңгенің төңірегінде субсидия төленуі керек.

Райхан Әбілқасова

Хабарламаларға жазылу