Елде аяқ киім қымбаттауы мүмкін. Осы айдан бастап кәсіпкерлерге бұл тауар түрін таңбалау міндеттелгендіктен, саудагерлер оның құны да 10-20 пайызға дейін өседі деп отыр. Себебі, арнайы кодты енгізу қосымша шығын. Кәсіпкерлер шағымына жауапты министрліктің айтар өз уәжі бар. Айя Мүтәлі сауда иелерінің базынасын тыңдап қайтты
Жаңа заң күшіне енгенімен, аяқ-киім саудасымен айналысып жүргендер әлі күнге тауарды таңбалауға түбегейлі қарсы. Айтуларынша, Қытай, Түркия, Қырғызстан сынды сырт елдерден келетін әр аяқ-киімді кюар кодқа енгізіп отыру үшін қосымша қаржы қажет. Бұл тауардың қымбаттауына соқтырады. Соның кесірінен табыс азайып, кәсібіміз тоқтап қала ма деп алаңдап отыр.
Арман Шүленов, кәсіпкер:
Мысалы, мен 20-25 мыңнан сатып алсам бір аяқ-киімді, где-то 40-45 мыңға сатылады мұнда бір аяқ-киім. 10-15 мыңға дейін қымбаттауы мүмкін. 02:51 Біз үлкен оборотпен жұмыс жасағаннан кейін налогта одан сайын үлкейеді. Оның арендасы бар. Продовецтің ақшасы бар.
Айя Мүтәлі, тілші:
Ал мынандай таңбалау кодын алу үшін ең алдымен markirovka.kz жүйесіне тіркелу қажет. Онда ЭЦҚ кілті міндетті түрде сұралады. Одан кейін импорттаушы тауардың қайда өндірілгенін, моделі және де қандай материалдан жасалғаны, өлшемі, түсі, тіпті фотосына дейін дейін өз қолымен жүктеуі қажет. Ал бүкіл ақпарат қамтылған бұл штрих кодты аяқ-киім қорабына жабыстырып қояды.
Осылайша, арнайы код арқылы сатып алушы өнімнің сапасын бақылап, өзіне қажет ақпаратты біле алады. Алайда, бұл процестті іске асыру үшін қосымша жұмысшы жалдау қажет дейді заңгер. Әсіресе, кәсібін енді ашып, жалғыз өзі әзер табыс тауып отырғандар үшін қиын болуы мүмкін. Заңгерге осындай мәселемен мыңға жуық кәсіпкер шағымданыпты.
Рүстем Қасымбеков, заңгер:
Америка сияқты дамыған елдерде таңбалау кодын енгізу міндеттелмеген. Ол еркін түрде жүргізіледі. Біздің саудагерлерге мұндай жұмыстарды іске асыру үшін енді жеке бухгалтер, айти маманына ақша төлеуі қажет. Одан бөлек, әр аяқ-киімді базаға енгізу үшін фотограф жалдауы да мүмкін. Бұдан бөлек, компьютер, және кюар кодты сканерлейтін бөлек құрылғы сатып алуына тура келеді.
Алайда, жауапты министрлік мұнымен келіспейді. Бір жұп аяқ киімді таңбалау құны бар болғаны 2 теңге 68 тиын. Ал таңбалау құрылғысы мен компьютерлік шығындардың тең жартысын мемлекет өтеп бермек. Алайда, бұл аяқ-киім өндірушілеріне ғана қатысты болып отыр. Жалпы алғанда мұның бәрі көлеңкелі кәсіппен күресу үшін жасалған. Себебі, елімізге жыл сайын импортталатын 90 млн жұп аяқ-киімнің тең жартысы заңсыз жолмен жеткізіледі. Сәйкесінше, салық та аз түседі.
Ерболат Боранбай, ҚР ИИДМ Жеңіл өнеркәсіп басқармасының бас сарапшысы:
Отандық өндірушілерге таңбалауға кететін шығындарды, құрылғы болсын, келетін 50 пайыз шығынды қарастыру, қарастырылған болатын. Өтеу. Қазір заякалар қабылданып жатыр. Таңбалау аяқ киімнің өзіндік құнына әсер етпейді.
Жаңа құжат 1 сәуірден бастап күшіне енгенімен, әкімшілік жазаға әзірге ешкім тартылмайды. Заңға бағынбағандарға салынатын айыппұл мөлшері де белгісіз. Үкімет алдымен жаңа талапқа қарсы кәсіпкерлермен бір ымыраға келуді көздеп отыр.
Айя Мүтәлі