Тайвань аралдарында әскери жаттығулар өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тайвань аралдарында әскери жаттығулар өтіп жатыр

10.04.2023

Бейжің Тайвань аралдары маңында үшкүндік әскери жаттығуды жалғастырып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, Қытай армиясы аралдың "негізгі нысандарына" соққы беруге машықтану үстінде. Бұл – Тайвань президентінің Вашингтонға сапарына жауап іспетті. Маневрларға соғыс кемелері, әскери ұшақтар мен мыңдаған жауынгер қатысып жатыр. Қытай демократиялық жолмен басқарылатын Тайваньды өзінің ажырамас бөлігі деп есептейтіні белгілі. Алайда Тайвань үкіметі мұндай мәлімдемелерге үнемі қарсылық білдіріп келеді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу