АҚШ-та ең ірі әскери-теңіз жаттығуы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та ең ірі әскери-теңіз жаттығуы басталды

27.06.2014
АҚШ-та ең ірі әскери-теңіз жаттығуы басталды
АҚШ-тың Гавай аралдарында әлемдегі ең ірі әскери-теңіз жаттығуы басталды. Кең ауқымды шараға 23 елден барған 25 мыңдай әскери қызметкер, 200-ден астам ұшақ, 50 шақты әскери кеме мен бірнеше сүңгуір қайық тартылған.
 
1971 жылдан бері өтіп келген теңіздегі ең ірі әскери маневрға Қытай алғаш рет қатысып жатыр. Дегенмен, бұл жайт АҚШ саясаткерлері тарапынан сынға ұшырады. Америкалық саяси сарапшылар Бейжің Азия-Тынық мұхит аймағында басқыншылық саясат ұстанады, деп есептейді.
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу