Қытай Тайвань бұғазында әскери жаттығулар өткізуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай Тайвань бұғазында әскери жаттығулар өткізуде

19.04.2018

Қытай Тайвань бұғазында әскери жаттығулар өткізіп жатыр. Онда ракеталар атылды. Бұл маневрлар аймақтағы шиеленістің өршуіне байланысты ұйымдастырылған.

 Бейжің осыдан бірнеше күн бұрын дәл осындай «соғыс ойындарын» өткізген Тайваньды тәуелсіздікке қол жеткізуге бағытталған кез келген әрекеттерден бас тартуға шақырған еді. Ал, Тайбэй қытайлықтарды осындай жаттығулардың ауқымы мен маңызын қасақана ұлғайта отырып, Тайваньды қорқытқысы келеді деп айыптады.

Қытайлық әскерилердің сөзінше, бұл жаттығулар күрделі жағдайда өтіп жатыр.

Янг Байвей, Әскери авиациясының бригада командирінің орынбасары:

- «Жанды оқ» жаттығулары өте ауыр, таң атқаннан, кеш батқанша қиын электромагниттік жағдайда өткізіледі. Онда оқ-дәрілердің бірнеше түрін қолданып жатырмыз. Шабуыл тактикаларын алдын ала үйлестірдік.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу