Арал үкіметі Тайванның бостандығы мен демократиясын қорғауға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арал үкіметі Тайванның бостандығы мен демократиясын қорғауға дайын

07.10.2021

Тайвань өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге атсалысып, бұл істе халықаралық қауымдастықтың қолдауына сүйенеді. Тайвань президенті Цай Инвэнь бұл туралы бүгін Франция мен Австралияның жоғары шенді тұлғаларымен кездесуде мәлімдеді. Айта кетсек, Тайвань Қытайдың әскери және саяси қысымына қарсы АҚШ пен оның одақтастарынан қолдау сұрап отыр.Соңғы мәліметтерге сай, Қытай мен Тайвань арасындағы әскери шиеленіс соңғы 40 жылдағы ең жоғары деңгейге көтерілген. Тайвань тәуелсіз мемлекетпін десе, Қытай оны өзінен бөлініп кеткен провинция санайды. Тайвань үкіметі болса, аралдың болашағын тек оның халқы шешуге құқылы деп мәлімдеді.


Хабарламаларға жазылу