Тағы да сол инфляциядан шығады, Қазақстандағы сауда желілері қымбаттап кеткен тауарларды арзан баламасына алмастырумен әуреге түсіп жатқан көрінеді. Сауда нарығын зерттейтін «Exim Expo» компаниясы жүргізген сауалнамаға қатысқан дүкендер желісінің жартысына жуығы (45,5%) осындай үрдіс дендеп бара жатқанын айтқан. Ал қалған жартысы (55,5%) мұндай тенденция барын мойындаса да, аса белең алып бара жатқан жоқ депті. Осы сауалнама қорытындысынан тұтынушылардың жеңілдік науқандарын іздеп, ақшасын үнемдей бастағанын да аңғаруға болады. Сауда желілерінің 91 пайызы осындай тренд бар деп есептейді. Сосын азық-түлікке жатпайтын тауар түрлеріне сұраныс азая бастағанын ритейлерлердің 82 пайызы байқапты. Мұны азаматтардың тұрмыс жағдайының төмендеуімен түсіндіреді әлеуметтанушы.
Айсұлу Молдабекова, әлеуметтанушы:
Халық бірінші азық-түлікті алады да, соған көп ақшасын жұмсайды да, ал тұрмыстық тауарларды тұтынуға одан қалған ақшаны жұмсайды. Бұрынғы брендтер қымбаттағаннан кейін балама іздейді халық. Бұл, әрине, халықтың әлеуметтік жағдайының, соның ішінде сатып алу қабілетінің төмендігін көрсетеді.
Альбина Әшім