Басты Жаңалықтар Бүгін «Qazaqstan дауысы. Балалар» мегажобасының кезекті шығарылымы тікелей эфирде

Бүгін «Qazaqstan дауысы. Балалар» мегажобасының кезекті шығарылымы тікелей эфирде

Бүгін «Qazaqstan дауысы. Балалар» мегажобасының кезекті шығарылымы тікелей эфирде көрсетіледі. «Көрмей таңдау» кезеңі жалғасуда.

Өткен жолғы шығарылымда баритонды-тенор дауысты Аңсаған мен «Сүгірдің термесін» әуелеткен Нұрбек ерекше көзге түсті. Ал бұл жолы қатысушылар көрермендерді қалай таңқалдырар екен? Бүгін ел есіндегі ескі әндерден бастап, әлемдік хиттарды орындайтын талғамы бөлек балалар өнер көрсетпек. Сағат 20:40-та мегажобаны көріңіз!

Бөлісу