Президент: Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген жөн
Ақордада Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, бұл күллі мұсылман қауымы үшін ерекше уақыт екенін, жамағат осы айда ізгі амалдар жасап, мол сауапқа кенелетінін айтты. Сондай-ақ, халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу қажет екеніне назар аударып, қоғамда мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық сияқты қасиеттер жетіспей жатқанын жеткізді. Айтуынша, «адамзат үшін өте қауіпті бұл үрдісті тоқтатуға бәріміз күш салуымыз керек. Ол үшін айтылған асыл қасиеттерді әрқайсымыз жүрегімізде сақтап, оны күнделікті іс-әрекетпен, көркем мінезбен көрсетуіміз қажет». Әрі өскелең ұрпақтың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген жөн,- деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Азаматтарымыз Исламның шынайы құндылықтарын білуі тиіс. Сол құндылықтарды халық арасында түсіндіріп, дәріптеу қажет. Әсіресе, өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген жөн. Көзі ашық, көкірегі ояу, білімді, санасы сергек ұлтқа адал қызмет етеді. Біз жастарымызды, ең алдымен еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа баулып, оларды нағыз отаншыл адам етіп, тәрбилеуіміз керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 5 трлн теңгеден асты
19.08.2026, 13:36
ЖИ орталығында алғаш рет халықаралық форум
19.08.2026, 13:23
Қытай қайта қонатын зымыранды сынады
19.08.2026, 13:20
29 штат Meta компаниясын сотқа берді
19.08.2026, 13:17
27 мың талапкер тамыз ҰБТ-сын тапсырды
19.08.2026, 13:15
Қарағандыдағы 5 мыңнан аса үйге газ қосылады
19.08.2026, 13:12
Әлеуметтік маңызы бар 11 ауру белгісі болса, тегін қызмет көрсетіледі
19.08.2026, 13:09
ТМД байқаушылар миссиясы сайлауалды жұмысқа оң баға берді
19.08.2026, 13:06