Қостанай облысындағы шағын көлде балық қырылды
Қостанай облысының Заречный елді мекені қасындағы шағын көлдің балығы қырылды. Табиғат қорғаушылары екі күн ішінде жарты тоннадан астам өлі балық жинаған. Балықтардың жансыз денесі су бетіне әлі де тоқтаусыз қалқып шығып жатыр. Оларды сүзіп алуға жергілікті әкімдік өкілдері де тартылған. Бұл жағдайға көлдің таяздығы мен мұздың қалыңдығы себеп дейді мамандар. Тіпті, түбіне дейін қатқан көлшіктер бар. Сондықтан мұндай жайт әлі де қайталануы мүмкін. Ал өлексе шіри бастағандықтан сынама алып зертханалық тексеруден өткізу мүмкін болмаған.
Серік Бейсембаев, Тобыл-Торғай облысаралық бассейіндік инспекция басшысы:
Судың сынамасын экология департаментінің зертханасына жібердік. Балық өлекселері өртеледі. Біздің аймақта таяз көлшіктер көп. Ал қыс ұзақ, аязды болады. Сондықтан осындай шағын айдындарда қыстап қалған балықтың мұз астында тұншығып өлуі қалыпты жағдай.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09
Жеңілдетілген ипотекаға сұраныс жоғары
08.09.2026, 20:06