Қазақстанда енді неке ХҚКО-да рәсімделмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда енді неке ХҚКО-да рәсімделмейді

05.04.2023

Қазақстанда неке Халыққа қызмет көрсету орталықтарында рәсімделмейді. Тек аталған қызмет түрі «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясының» қарамағына өтеді. Бұл не үшін жасалып отыр? Азаматтық халық актілерін тіркеу бөлімдерінің мамандары неге шағымданып жатыр?

Кешелі бері түрлі ақпараттық басылымдарда «1 шілдеден бастап неке Халыққа қызмет көрсету орталықтарында рәсімделеді» деген ақпар тарап, халық арасында қызу талқыға түсті. Бұл жаңалықты алматылықтар қалай қабылдады? Біліп көрдік.

- ХҚО-ға барған кезде онсызда барлық процесттер созылып кетеді. Бірден жауап ала алмайсың. Енді некені ол жерді қыйдыру әбестік сияқты меніңше.
- Маңызды емес қай жерде қидырса да. Бастысы екі жас бақытт болса болды ғой.
- Дұрыс емес меніңше. Неке сарайында қидырған дұрыс. Салтанатты түрде.
- Сонда істеген дұрыс ғой. Бір жерде істегені. Жан-жақа жүгіріп жүргеннен.

Ал шаһардағы Азаматтық халық актілерін тіркеу бөлімдерінің мамандары болса, жаңа заң күшіне енсе жұмысымыздан айырылып қаламыз ба деп үрейленіп отыр.

Венера Ғалиева, Медеу ауданы әкімі аппаратының ахат бөлім басшысы:

Біз мемлекеттік тіркеу органы болып саналамыз. Егер «Азаматтар арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясының» қарамағына өтсек мемлекеттік қызметкер деген статустан айырыламыз. Салдарынан жұмыс орындары қысқарып, жалақымыз азаймасына кім кепіл?

Әділет министрлігі болса неке Халыққа қызмет көрсету орталықтарында рәсімделеді деген ақпаратты жоққа шығарды. Тек Азаматтық халық актілерін тіркеу бөлімдері «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясының» қарамағына өтетін хабарлады. Сондай-ақ қызметкерлерінің жұмыс орны сақталатынын айтты.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Неке ХҚО-да рәсімделмейді. Яғни, отау құрығысы келетіндер аталған мекемеге келіп, мынадай ұзын-сонар кезекке тұруына ешқандай қажеттілік жоқ. Мамандардың сөзінше, Азаматтық халық актілерін тіркеу бөлімдерінің қызметкерлеріне арнайы ғимарат бөлінеді.

Осы тұста аталған заң жобасын енгізудегі мақсат қандай деген заңды сауал туандайды. Құзырлы орган мамандарының айтуынша, бұл әлеуметтік маңызы бар қызметтерді бір жүйеге шорғырландыру мақсатында жасалып отыр.

Мәдина Ахметова, Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің сарапшысы:

Мемлекеттік корпорацияға берілгеннен кейін мемлекеттік қызметтен босатылып, осы жұмысты әрі қарай жалғастыру үшін конкурссыз жұмысқа тұруға мүмкіндіктері бар. Функцияларды беру АХАТ органдырын жоюды көздемейді. Және адамдар үшін қыметтерді алу процессі өзгеріссіз қала береді.

Айта кету керек, елдегі Азаматтық халық актілерін тіркеу бөлімдерінде қызмет ететін мамандардың саны 500-ге жуықтайды. Жуық арада олардың саны азаюы әбден мүмкін, өйткені «Азаматтар арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясының» қарамағына өтсе, қызметкерлердің жалақылары қысқарады. Ал, неке қию сарайлары бұдан былай отау құрғаны туралы куәлік бермейді, тек салтанатты шара өткізумен ғана шектелмек.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу