Қостанай облысында 12 үйді су басты
Қостанай облысында Тінтуір өзені арнасынан асып, салдарынан Қарамырза ауылында 12 үйді су басты. Су басқан баспаналардан 15 адам эвакуцияланды, олардың сегізіі бала. Қазір барлығы осы туған туыстарының үйінде. Ешкім арнайы жабдықталған эвакуация орталығына барған жоқ. Үй жануарлары да қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Ауыл әкімдігінің ғимаратында аудан әкімінің басшылығымен жедел штаб ашылды. Қазір су басқан аумақты құрғату мақсатында 14 мотопомпа жұмыс істеп тұр. Басқа да техника мен адам күші жеткілікті, жағдай бақылауда дейді төтенше жағдай қызметі.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10