Мемлекеттік кеңесші Ұлттық комиссия отырысын өткізді
Еліміздің ЮНЕСКО мен ИСЕСКО ұйымдарына мүшелігін барынша пайдалана отырып, ұлттық мүдденің басым міндеттерін іске асыру маңызды. Сондай-ақ, Қазақстан ғылым, мәдениет және білім салалары бойынша, халықаралық ынтымақты жан-жақты дамытуға үлкен мән береді. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының отырысында айтты. Бұл жиын Ұлттық комиссияның 30 жылдығына арналды. Шараға Комиссияның тұрақты мүшелері, тиісті мемлекеттік органдардың вице-министрлері, мәдениет, білім және ғылым салаларының белгілі қайраткерлері қатысты. Басқосуда ел аумағындағы ЮНЕСКО тізіміне енген нысандарды сақтау ісіне ерекше көңіл бөлінетіні айтылды. Ұйым жұмысының нәтижелері де, жиналғандардың назарына ұсынылды.
Әлия Байсабаева, ҚР Юнеско және Исеско істері жөніндегі ұлттық комиссияның бас хатшысы:
Мысалы, былтыр ЮНЕСКО шеңберінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық және әйгілі әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойлары аталып өтті. Қазақстанның «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркі мен Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығын ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне қосу туралы ұлттық өтінімі қанағаттандырылды.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16