Атырау облысындағы резерваттың 85 гектарын жалын шарпыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысындағы резерваттың 85 гектарын жалын шарпыды

04.04.2023

Атырау облысына қарасты «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы өртті өшіруге Маңғыстаудан тікұшақ тартылады. 70-тен астам адам мен ондаған техниканың қызыл жалынмен күресіп жатқанына осымен төртінші күн. Қазір қорықтың 85гектар жері күлге айналды. Тілсіз жау 4 гектар аумақта әлі лаулап жатыр. Өрт ошағы Каспий теңізі жағалауына жақын орналасқан. Жел мен батпақ отты сөндіруге қиындық тудырып тұр. Әзірге өрттің шығу себебі адами фактор болуы мүмкін деген алдын ала болжам бар.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу