Павлодар облысында өрт кезінде бір адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында өрт кезінде бір адам зардап шекті

22.06.2023

Павлодар облысы, Ақсу қаласындағы ферроқорытпа зауытындағы өрт кезінде бір адам зардап шекті. Жалын шарпыған аумақта төбенің жабындысы құлап, өрт сөндіруші жарақат алды. Ол шұғыл ауруханаға жеткізілді. Жағдайы орташа дейді дәрігерлер. Естеріңізге сала кетейік, зауыттың нөмірі 4-ші цехында трансформатор отқа оранып, 200 шаршы метр аумақты жалын шарпыды. Зауыт жұмысшылары өз күштерімен қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Өрт сөндірілді, жалын неден шыққаны анықталып жатыр.


Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу