Каспий теңізі жағалауындағы 60 гектардай аумақта қамыс жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий теңізі жағалауындағы 60 гектардай аумақта қамыс жанып кетті

21.09.2022

Қызыл жалын ерекше қорғалатын «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағын да шарпыды. Алапат өртті сөндіруге тікұшақ та тартылды. Атырау қаласының үстін қою қара түтін басып, тұрғындар күл астында қалды. Батпақты жерге кірген жедел жасақтың бір көлігі жанып кетті. Қазір жалынның беті қайтты. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. От неден тұтанғаны белгісіз. Бұл күз басталғалы теңіз жағасында болған төртінші жағдай. Бүгінге дейін бас-аяғы 100 гектар аумақтағы қамыс жанып кетті.


Хабарламаларға жазылу