Алматыдағы қоқыс полигонында тұтанған өрт әлі сөнген жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы қоқыс полигонында тұтанған өрт әлі сөнген жоқ

12.06.2020

Алматы облысындағы қоқыс полигонында тұтанған өрт толастамай тұр. Сөндіру жұмыстары үш тәуліктен бері жүріп жатыр. 1700 тоннадан астам су құйылып, топырақ себілді. Қазір ашық от пен қалың түтін жоқ, күл-қоқыс құр бықсып жатыр. Жұмысқа төтенше жағдайлар қызметінің 100-ден астам қызметкері тартылған. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Еске сала кетейік, 10 маусымда «Алматы-Өскемен» автожолына жақын маңдағы қоқыс полигонынан өрт шыққан. Желдің ұйытқуынан оттың таралуы үдей түскен. Қызыл жалын 3 гектардан астам аумақты шарпыды. Полигондағы өрттен тараған қара түтіннің кесірінен Алматы-Қапшағай тас жолында 8 көлік соқтығысып, 7 адам зардап шеккен болатын.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу