Атырау облысындағы қорықтың 1200 га аумағын жалын шарпыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысындағы қорықтың 1200 га аумағын жалын шарпыды

07.04.2023

Атырау облысына қарасты «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы өрт бесінші күн дегенде сөндірілді. «Қазақстан Ғарыш сапары» мекемесінің космо мониторингі бойынша 1200 гектарды жалын шарпыған. Бірақ, қорықтың флорасы мен фаунасы зардап шеккен жоқ, өйткені құстардың ұя салу уақыты әлі басталмады дейді мамандар. Өртті өшіруге 70-тен астам қызметкер мен 20 шақты техника, бір тікұшақ жұмылдырылды. Маңғыстаудан жеткен тікұшақ 86 рет әуеге көтеріліп, 260 тоннаға жуық су шашқан.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу