Шымкенттегі базарлардың бірі өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі базарлардың бірі өртенді

09.06.2020

Ақтөбе облысындағы Дөң кен байыту комбинатынан өрт шықты. Жөндеу жұмыстары кезінде газ құбырын жалын шарпып, қою қара түтін будақтаған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.

Сондай-ақ, түс ауа Шымкенттегі базарлардың бірі отқа оранды. «Бекжан» сауда үйіндегі аяқ-киім дүңгіршектері жанған. Жалын 280 шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Бейне АБАУОВА


Хабарламаларға жазылу