Ресейдегі жанармай бағасы қандай?
Ресейдегі жанармай бағасы туралы әріптесім Индира Бегайдардан сұрайық. Индира, көрші елдің энергетикалық нарығына санкциялар қалай әсер етті?
Индира Бегайдар, тілші:
Санкция құрсауында қалғаннан кейін Ресейде энергетикалық дағдарыс басталған. Былтырдан бері дизель отынының бағасы кей өңірлерде 10 пайызға, кей өңірлерде 40 пайызға бірақ көтерілген. Бүгінгі күні дизель отынының барлық маркаларының құны тоннасына 51 мың рубльден асты. Ал ақпан айының басында 41-42 мың рубль болатын. АИ-92 бензині тоннасына 34 мыңнан 48 мың рубльге дейін қымбаттаған. Бұған былтыр елде инфляция 20 пайыздан асқаны, рубльдің долларға шаққандағы құнының да құлдырауы әсер етті дейді мамандар. Сонымен қатар, қазір Ресейде мұнай өнімдерін тасымалдайтын танкер жетіспей жатыр. Ал мұнайды ірі көлемде сатып алатын Еуропалық Одақтың эмбарго енгізгенін ескерсек, өндірушілер шығынға ұшырап, баға тағы шарықтауы мүмкін дейді, сала мамандары.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28%-ға артты
20.07.2026, 14:57
Жезқазғанда «Metallurg Fest» фестивалі өтті
19.07.2026, 21:00
Теміртауда Металлург күніне арналған концертке 65 мың адам жиналды
19.07.2026, 20:30
Баянауылда заманауи «Сарыарқа сыры» визит-орталығы ашылды
19.07.2026, 18:15
«Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды
18.07.2026, 20:10
ӘЧ: Бүгін түнде Франция мен Англия командалары ойнайды
18.07.2026, 20:07
4 теміржол вокзалы қайта ашылды
18.07.2026, 20:07
Металлургтер жарты жылда 258 миллиард теңгенің өнімін өндірді
18.07.2026, 20:06