Жанармай бағасы өзгермейді

18.03.2014
Жанармай бағасы өзгермейді
Қазақстан теңге бағамын түзеткеннен кейін қойылған жанар-жағармай бағасын ұстап тұруды жалғастырады. Бұл туралы бүгін ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.
 
«Жанар-жағармай бағасын ұстап тұру мерзімі ұзартылады. Баға қазіргі деңгейінде сақталады», - деді министр.
 
Ұзақбай Қарабалиннің мәліметінше, бағаның сақталуы отандық мұнай өңдеу зауыттарының есебінен іске асырылады. Өйткені, олар тек Қазақстан нарығы үшін жұмыс істейтін болады және ел аумағынан мұнай өнімдерінің кез келген түрін шығаруға тыйым салынған.

Хабарламаларға жазылу