Бензин бағасы 2019 жылға қарай өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бензин бағасы 2019 жылға қарай өседі

01.10.2014
Бензин бағасы 2019 жылға қарай өседі

«Меніңше, уақыт өте бензин бағасы тағы қымбаттауы тиіс. 2019 жылға дейін жанармай құнын Ресейдегі бензин бағасымен бірдей қылуға тырысамыз», - дейді Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин.

Алыс-жақын 30-40 елдің ішінде ең арзан бензин бізде екен. Жолай өткен жүк көліктері әдейі бізден тонналап бензин құйып кетеді.

Осылайша Қазақстан арзан жанармай құятын станцияға айналып кетіпті. Екінші, алыпсатарлар Ресейден қымбатқа келген бензинді бізден арзанға алып, қымбат бағамен Ресейге қайта сатады.

Саламат ОМАШ

Хабарламаларға жазылу