Алматыда кене энцефалитіне қарсы күрес шаралары өтуде
Алматыда кене энцефалитінің алдын алу шаралары жүріп жатыр. Мамандар қауіпті жәндіктің белсенді маусымы кезеңінде барынша абай болуға шақырады. Әсіресе, табиғи ошағы тау, орман, демалыс орындарына барғанда сақтық шараларын ұстану қажет дейді. Кене шағып алған жағдайда шұғыл түрде медициналық көмекке жүгінген жөн. Мамандар зардап шегушіден кенені алып тастап, жәндікке қарсы арнайы иммуноглобулин егеді. Айта кету керек, кене энцефалиті - мидың қабынуын тудырып, орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауру.
Эльвира Ибрагимова, қоғамдық денсаулық басқармасының штаттан тыс эпидемиологы:
Кейде кененің шағып алуынан қайғылы жағдайлар да болуы мүмкін. Тіпті, өлім көрсеткіші он пайызға жетіп жатады. Кене шаққан жағдайда адамның дене қызуы көтеріліп, басы, буындары ауырады. Сондықтын біз денсаулығы жарайтын, 18 жастан жоғары тұрғындарға жоспарлы екпе алуға кеңес береміз. Әсіресе, тауға жақын немесе саяжайда тұратындарға аса қажет.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16