Қызылордада қатты желден шатырлар ұшты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада қатты желден шатырлар ұшты

01.04.2023

Қызылорда облысында бүгін қатты дауылдан бірнеше ғимараттың шатыры ұшып кетті. Әзірге аймақ бойынша қанша нысанға зақым келгені белгісіз. Мамандардың мәліметінше, дүлей желдің екпіні секундына 60 метрге дейін жеткен. Салдарынан бағаналар қирап, ағаштар морт сынып жатыр. Ал Қазалы ауданында «ТеміржолЖылу» мекемесінің мұржасы құлаған. Тек Қызылорда қаласының өзінде бірнеше көпқабатты тұрғын үйдің шатыры ұшып кетті. Синиптиктердің хабарлауынша, дауыл ертең де басылмайды. Сондықтан, мамандар тұрғындарды сақ болуға шақырды.


Хабарламаларға жазылу