Ауа райының нашарлауына байланысты 300-ге жуық көлік кептелісте тұрып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райының нашарлауына байланысты 300-ге жуық көлік кептелісте тұрып қалды

07.02.2024

Ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды – Теміртау тасжолында үш көлік соқтығысып, 1 адам ауруханаға жеткізілді. Жол апаты салдарынан 300-ге жуық көлік кептелісте тұрып қалды. Облыстық полиция департаменті өкілдері, айналаның көрінуі жақсарып, жол бағыты тазартылғанға дейін жол жабық болатынын ескертті. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарынан ауа райы болжамын қадағалауды және мұндай кезде алыс жолға шықпауға шақырды. Қарағанды Аймақтық төтенше жағдайлар департаменті мамандары қатты желдің келе жатқанын ескертіп, жергілікті тұрғындарға балаларды көшеге жібермеуге кеңес береді. Өйткені, желден шатырлар ұшып, сымдар үзілуі мүмкін деп ескертеді.

Хабарламаларға жазылу